Елімізде заңды түрде қызмет көрсетіп жүрген такси жүргізушілерінің саны 19 мыңға жетті.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова хабарлады.
Оның айтуынша, қызметін заңдастырған такси жүргізушілері әлеуметтік қолдауға ие болып, салықтық түсімдердің артуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, олар таксопарктің қызмет ақысынан босатылып, тек табысының 1 пайызын салыққа және тағы 1 пайызын әлеуметтік төлемдерге аударуға міндеттеледі. Бұл бастама өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр.