Жұмыскер үшін төленген МӘМС жарналары неге қайтарылады?

Азаматтардың жеңілдік санаты үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Олардың қатарына: жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер және тағы да басқалар кіреді.

Дегенмен, бір уақытта жұмыс істеп және жеңілдік тобына жататын 5 санат бар:

— балалар;

— студенттер;

— мүгедектігі бар адамдар;

— зейнетақы төлемдерін алушылар;

— «Алтын алқа» және «Күміс алқасы» бар көп балалы аналар.

Заңнамаға сәйкес жұмыс берушілер аталған адамдар үшін аударымдар мен жарналарды төлеуден босатылады, сондықтан олар үшін төленетін төлемдер қате болып саналады.

Барлық төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы өтеді, ал онда қыркүйек айынан бастап қате төлемдерді автоматты түрде қайтару тетігі енгізілді.

Егер сізге жұмыскердің төлемі қайтарылса, бұл жұмыскердің жеңілдік санатында болып, сізге хабарламағанынан болуы мүмкін.

Бұл жағдайда не істеу керек?

Жұмыскер жеңілдік санатында болған кезде оған жарна төлемеңіз.

Мысалы, оқу мерзімі өтіп кетсе, бірақ төлемдер қайтарылса, сіз оқу орнына баруыңыз керек. Мүмкін, ақпараттық жүйеде жұмыскер әлі де студент шығар. Жұмыс беруші бұл қатені жойғаннан кейін келесі айдан бастап төлем жасай алады.

Ал егер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс ерте аяқталса, яғни жұмыскер мерзімінен ерте жұмысқа шықса, жеңілдік санаты да мерзімінен бұрын аяқталады және жұмыс беруші жұмыскер қайтып келген сәттен бастап жарналарын қайта бастауы керек.

Айта кетейік, Қор өз бетінше жеңілдік санатын бермейді, деректер уәкілетті мемлекеттік органдардан келіп түседі. Сондықтан жеңілдік санатына кіру немесе одан шығу мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жүгіну қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *