Тазалыққа тастай талап қажет

Биыл Рудный қаласын көгалдандыруға 117 миллион теңге бөлінген

Биыл көктемде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бағдарлама, қоғамдық назарды қоршаған ортаның ластану жағдайларына аударып, тұрғындарды және кәсіпорындарды осы мәселелерді шешуге тартуды көздейді. Бағдарламаның басты бағыты – сенбіліктер ұйымдастыру, қаланы және оның айналасын тазарту шараларын өткізу.

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Рудный қаласының тұрғындарымен кездесуінде, Виктор Ионенко «Таза Қазақстан» бағдарламасының қалада жүзеге асырылуы туралы айтып берді, ол экологиялық жағдайды жақсартуға және аумақты абаттандыруға бағытталған. Қала әкімінің ақпаратынша, биыл қалада 35 қалалық сенбілік ұйымдастырылып, оған 150 кәсіпорын, ұйым мен мекемелерді ұсынған 40 мыңнан астам адам қатысты. Бұл шараларды өткізу үшін 90 бірлік арнайы техника тартылды, нәтижесінде 1100 тоннадан астам қоқыс жинау орынға шығарылды.

«Бағдарламаның ең маңызды шараларының бірі «Таза жағалау» акциясы болды, оның барысында Тобыл өзенінің жағалауы тазартылды. Бұл су айдындарының сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар қаладағы табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға да ықпал етті. Жергілікті пәтер иелерінің тұтыну коопреативтері өздерінің тиесілі аумақтарында тұрақты түрде сенбіліктер өткізеді. Осы шаралар барысында ағаштар мен бұталарды кесу, қасбеттерды бояу, кіші архитектуралық бейнелерді бояу, жол шеттерін ағарту және шөпті шабу жүргізілді», – деді Виктор Ионенко.

Тұрақты сенбіліктерден басқа, «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бағыты – заңсыз қоқыс тастайтын орындарды жою. Қалада мердігер ұйымдар 16 қоқыс алаңын жойып, нәтижесінде 1420 тонна қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, контейнерлік алаңдардан 5000 тоннадан астам ірі көлемді қоқыс жиналып, шығарылды.

Қала әкімінің айтуынша, қаладағы абаттандыруға мемлекеттік ұйымдармен қатар жеке кәсіпорындар да үлес қосуда. Жеке кәсіпкерлер және қаладағы түрлі ұйымдар белсенді түрде бағдарламаны қолдап, 50 мың тоннадан астам қоқысты полигондарға шығарған.

Рудныйда аумақтарды көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Биылғы жазда 20 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Қаланың негізгі кәсіпорны «ССКӨБ» АҚ 17 250 ағаш көшетін отырғызды, олардың ішінде: 7 750 пирамида тәрізді терек, 5 000 үйеңкі және 4 500 акация бар. Пәтер иелерінің тұтыну коопреативі, қарапайым серіктестік және мүлік иелерінің бірлестігі, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер 1500 ағаш отырғызуға үлес қосты.

«Қала бюджеті есебінен осы жылы 1636 көшет отырғызылды, оның ішінде 50 алма ағашы, 10 терек, 560 қарағай, 700 емен және 300 сирень бұтасы бар. Биыл қала көгалдандыруға 117 миллион теңге бөлінді. Гүл композициялары да абаттандырудың бір бөлігі болды: жазғы кезеңде 7 мың шаршы метр гүл отырғызылды. Күзде 80 алма көшетін отырғызу жоспарлануда, бұл жазғы көгалдандыру жұмыстарына қосымша болады», – деп хабарлады Виктор Ионенко.

«Таза Қазақстан» бағдарламасында жастар еңбек жасағы да белсенді қатысуда. Жазда 14-18 жас аралығындағы 163 студент пен мектеп оқушысы акцияға қосылып, сенбіліктер мен басқа да абаттандыру шараларына қатысты. Жастар тек саябақтар мен алаңдарды тазартумен ғана емес, ағаш отырғызу мен көгалдандыру жұмыстарында да белсенді көмек көрсетті

Экоакция тек жазғы кезеңмен шектелмейді. Қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрақты негізде жалғасуда, әрі болашақта барлық тұрғындардың тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуы жоспарланып отыр. Әр апта сайын Рудныйда сенбіліктер ұйымдастырылып, қала тұрғындары өз аулаларын, саябақтарда және қоғамдық орындарын ретке келтіреді.Сонымен қатар, отырғызылған ағаштарға күтім жасау және гүлзарларды сақтау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Мұндай шаралар тек қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындар мен қонақтарға оны тартымды етуге көмектеседі.

Қала әкімі Виктор Ионенко «Таза Қазақстан» бағдарламасына әрбір тұрғынның қатысуының маңыздылығын атап өтті, себебі қаланың тазалығы мен абаттандыруы барлық тұрғындардың ортақ жауапкершілігі мен күш-жігеріне байланысты.

«Бағдарлама келесі жылы да жалғасады, абаттандыру бойынша жаңа бастамалармен экологиялық жағдайды жақсарту басты назарда болады. Сенбіліктердің санын көбейту, қатысушыларды тарту және заңсыз қоқыс тастайтын орындарды жою бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. Келесі шаралар Рудныйды өмір сүруге одан да таза әрі жайлы етуге бағытталған», – деп қорытындылады қала басшысы.

Рудныйлықтар өткізілген сенбіліктер мен акциялар туралы оң пікірлерін білдіруде. Олардың көпшілігі мұндай шаралар тек қаланың сыртқы келбетін жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге көмектесетінін атап өтуде.

Асем БАЙКАНОВА,

суретті түсірген Султан СЕРТАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *