Желтоқсанның ортасынан бастап Қазақстанда ескі, жарамсыз көліктерді қайта өңдеуге қабылдау басталады деп жоспарланған. Ескі көлігін өткізген қазақстандықтарға 315 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін ақша беріледі.
Қазақстанда көлік құралдарын кәдеге жарату жүйесі бар. Ескі, жарамсыз көліктердің иелері оларды қайта өңдеуге жіберіп, бұл үшін сыйақы ала алады.
«Колеса» порталының мәліметінше, Қазақстан биыл желтоқсан айының ортасында жарамсыз көліктерді қайта өңдеуге қабылдау басталуы керек. Бұл ретте, ескі көліктерді қабылдаудың жаңартылған ережесіне сәйкес, қазақстандықтар мынандай таңдау жасай алады: көлікті тасымалдаушыларға сату немесе оны қабылдау пунктіне тапсыру.
Ол үшін қалдықтарды жинау операторы «Жасыл Даму» АҚ порталында өтініш беріп, 15 күн ішінде осы мәселені шешу қажет. Тасымалдаушы қызметтерінің бағасы сайтта жарияланады, бірақ егер көлік иесі шарттарға қанағаттанбаса, техниканы өткізу не өткізбеу жағын өзі шешеді.
Жарамсыз көліктерді тапсырғаны үшін қазақстандықтарға Қазақстанда құрастырылған көлікті немесе осыған ұқсас сомада қолма-қол ақшамен сатып алуға жеңілдік сертификаттары беріледі. Бекітілген баға мынадай:
- жеңіл автокөліктерге – 315 000 теңге;
- микроавтобустар – 550 000 теңге;
- автобустар – 750 000 теңге;
- салмағы 12 тоннаға дейінгі жүк көліктері – 550 000 теңге;
- ауыр жүк көліктері – 750 000 теңге;
- тракторлар – 560 000 теңгеден 1 млн теңгеге дейін;
- комбайндар – 1,5 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін.