«JAIDARMAN JUNIOR»: ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

Рудный индустриалды университетінде мектеп командалары арасында, «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жайдарман джуниор»  облыстық лигасының жартылай финалы өтті. Нәтижесінде қатысқан 8 команданың бесеуі финалдық ойындарға жолдама алды.

Бүгінде жалынды жастардың басын қосқан «Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы жастардың сүйіп көретін және сүйсіне ойнайтын әзіл алаңына айналды. Іріктеу ойындарына өңіріміздегі барлық аудан жастарымен қатар, жалпы білім беретін мектептердегі оқушы жастарынан құралған, 8 құрам қатысты.

Өз жолдарын Мектепшілік жарыстардан бастаған Қарабалық ауданынан келген «Ой жеткендер» командасы «Жайдарман Джуниор» облыстық лигасына көптен дайындалып жүргендерін атап өтті. Команда капитаны Әдемі 2 жыл бойы лига ойындарын көрермен ретінде қадағалап, өз командасын құрып, бүгін сахнаға алғаш рет шығып жатыр.

«Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Бәкір Рудный қаласы әкімдігінің ішке саясат бөлімінің әлеуметтік тапсыры бойынша өтіп жатқандығын айта кетіп, және ұйымдастырушылар жастар тарапынан осындай қызығушылықты былтырғы маусымның сәтті өтуімен, ойын-сауық қазақ тіліндегі контент деңгейін арттыратын жаңа жобалардың басталуымен байланыстырады.

«Жайдарман» — бұл ерекше атмосфера, командалық қойылымдар мен күнделікті ойын-сауық іс-шараларының үздіксіз араласуы, шығармашылық жастарды алдағы маусымға қуат беретін әзіл мен көңіл көтерудің үздіксіз ағыны. Басты мақсат — рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және жастардың шығармашылық дамуы. Келесі «JAIDARMAN JUNIOR» финалдық ойыны қараша айында өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *