Жыл басынан бері салаға 124 миллиард теңге инвестиция жұмсалған.
2024 жылдың басынан бері елдегі кәсіпорындар 82 мыңнан астам жеңіл көлік шығарды. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты.
«2028 жылға қарай отандық машина жасау өнімдерінің көлемін екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінде елімізде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып, тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өз кезегінде машина жасау саласы өңдеу өнеркәсібінің 20 пайыз үлесін алады. Саладағы 4 мыңға жуық компанияда 120 мыңнан астам адам жұмыс істейді», – деді министр.