Қазақстанда стационарларда медициналық көмек көрсету стандарты өзгереді

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету стандартына өзгерістер мен толықтырулар дайындады

Атап айтқанда, аурулардың тізімі ауруханаға жатқызуды қажет ететін диагноздармен толықтырылды.

  • Бас сүйек пен бет сүйектері сынуының салдары
  • Бас сүйекішілік жарақат салдары
  • Бастың басқа анықталған жарақаттарының салдары
  • Мойын мен дененің үстіртін жарақаты мен ашық жарасының салдарлары
  • Омыртқа бағаны сынуының салдары
  • Кеуде торы мен жамбастың басқа сынуларының салдары
  • Жұлын жарақатының салдары
  • Қолдың ашық жарақатының салдары
  • Білезік пен қол ұшынан басқа, қол сынуының салдары
  • Білезік пен қол ұшы деңгейіндегі сынудың салдары
  • Қолдың шығуы, созылуы мен пішіні өзгеруінің салдары
  • Қол нервісі жарақатының салдары
  • Қол бұлшық еті мен сіңірі жарақатының салдары
  • Қолдың басқа анықталған жарақаттарының салдары
  • Аяқтың ашық жарасының салдары
  • Сан сынуының салдары
  • Аяқтың басқа сынуларының салдары
  • Аяқтың шығуы, созылуы мен пішіні өзгеруінің салдары
  • Аяқ бұлшық еті мен сіңірі жарақатының салдары
  • Аяқтың мылжалануы мен жарақаттық ампутациясының салдары
  • Аяқтың басқа анықталған жарақаттарының салдары
  • Дененің бірнеше аймағын қамтитын және орналасуы анықталмаған жарақаттардың салдарлары
  • Дененің бірнеше аймағын қамтитын жарақаттардың салдарлары
  • Жарақаттың бірқатар ерте асқынуларының салдарлары
  • Сыртылдақ саусақ
  • Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі 1-дәреже
  • Шизотипті бұзылу
  • Тұлғаның аралас және басқа бұзылулары
  • Мінез-құлық пен сезім билеудің аралас анықталмаған бұзылуы
  • Қалыпты қысымды гидроцефалия
  • Басқа айдарларда жіктелген жұқпалы және паразиттік аурулар (A00-B99†) барысындағы гидроцефалия
  • Өспелік аурулар кезіндегі гидроцефалия (C00-D48†)
  • Басқа айдарларда жіктелген басқа аурулар барысындағы гидроцефалия
  • Орталық нерв жүйесінің анықталмаған басқа бұзылулары
  • Басқа айдарларда жіктелген басқа аурулар барысындағы хориоретиналдық бұзылулар
  • Диабеттік ретинопатия (E10-E14†)
  • Шыны тәрізді денеге кристаллдық заттар жиналуы
  • Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы
  • Өкпенің ревматоидты ауруы (J99.0*)
  • Басқа ағзалар мен жүйелерді қамтыған ревматоидты артрит
  • Басқа ағзалар немесе жүйелер зақымдануы қабаттасқан жүйелі қызыл жегі
  • Мойын бөлімінің омыртқа аралық дискісінің жұлын дерті қабаттасқан зақымдануы(G99.2*)
  • Бел және басқа бөлімдердің омыртқа аралық дискілерінің жұлын дерті қабаттасқан зақымдануы (G99.2*)
  • Басқа қалыпты жүктілік ағымын бақылау

Аталған диагноздары бар пациенттер тәулік бойы бақылауда болатындығы атап өтілді.

Құжат 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *