Рудныйда Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай іс-шаралар өтті

Рудный қаласында қазақ кеңес жазушысы, ақын, драматург және қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар өтті.

Айтулы оқиғаның қонақтары зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, оқушылар мен еліміздің астанасынан келген жазушының тікелей ұрпақтары болды.

Бейімбет Майлиннің құрметіне Ленин көшесі, 215 мекенжайында QC Holding құрылыс компаниясының сыйлығы-муралдың тұсаукесері өтті. Бұл мурал жазушы шығармашылығының өзгермейтін өзектілігін, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін бейнелейді.

Сондай-ақ, Б.Майлин атындағы мектеп-гимназия оқушыларының «Шабыт» театрының «Би ағаның биігі» спектаклі қойылды, ол көрермендерге ұлы драматургтің бейнесін және оның халқымыз үшін мәңгілік маңызын тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Онымен қоса бүгін «QC Read» жобасы аясында «Бейімбет оқулары» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, оған 172 оқушы қатысуға ниет білдірді. Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде тестілеу, екінші кезеңде тестілеуден сәтті өткен 45 қатысушы «Түйебай» тақырыбында эссе жазды. Байқау жеңімпаздары бес оқушы болды, оларға грамоталар мен заманауи гаджеттер табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *