Қазақстанда жүргізуші куәлігін алуға қатысты өзгерістер болады

Қазақстанда жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту алып тасталды.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Біріншіден, жүргізушінің өз бетінше даярлаудан өтуі және онлайн оқыту алып тасталды.

Екіншіден, автомектептер мен курсанттарды тіркеу ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады және бұл курстарды бітіргені туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды бұрмалау мүмкіндігін жояды.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жүргізуші курсын бітіргені туралы сертификат толығымен электрон форматқа ауыстырылады.

ІІМ автомектептерге жүргізушілерді даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат берудің лицензиялау тәртібіне қайта оралуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *