Сенат депутаттарының бұл ұсынысы Үкіметте қаралады.
ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Сенат депутаттарының Қазақстанда бірыңғай депутат күнін белгілеу туралы бастамасы қаралып, шешім қабылданатынын жеткізді.
«Кәсіби мерекелерді бекіту Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 28 желтоқсанда № 534 бұйрығымен бекітілген Кәсіби мерекелерді белгілеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады, оның шеңберінде осы ұсыныс қаралып, тиісті шешім қабылданатын болады», – деді ол.
Бұл ұсынысты сенат депутаты Бибігүл Жексембай депутаттық сауал арқылы жеткізген болатын.