Қазақстанда МӘМС жүйесінде 585 мыңнан астам студент сақтандырылған. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Медициналық сақтандыру қоры студенттердің ең жиі қоятын сұрақтарына жауап берді.
№1. Студенттердің бәрі мемлекет есебінен сақтандырыла ма
МӘМС жүйесінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитындар жеңілдік санатына кіре алады. Олар үшін оқу кезеңінде мемлекет МӘМС жарналарын төлейді.
№2. Жұмыс беруші студент қызметкер үшін МӘМС жарнасын төлеуі керек пе
Жоқ, жұмыс беруші студенттер үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады. Олар оқу орнын тәмәмдағанға дейін автоматты түрде сақтандырылады.
Айта кету керек, студент жеке кәсіпкер немесе жалдамалы жұмысшы болса да, олардың жеңілдік санаты сақталады.
№3. Шетелде оқитын студент мемлекет есебінен сақтандырыла ма
Иә, ол үшін Egov порталындағы «шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет. Содан кейін, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өтінімді қарап, тіркеген соң, студенттер МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылады.
№4. Студентке шұғыл ем алу қажет, алайда ол сақтандырылмағаны анықталды. Не істеу керек
Студент оқу барысында сақтандыру мәртебесі сақталуы үшін өзінің оқу орнына жүгініп, деректерін ЖООБЖ (Жоғары оқу орындарының бірыңғай жүйесі) жүйесінде бар-жоғын тексеру қажет. Студенттер туралы мәліметтер Қорға осы жүйе арқылы түседі. Бұл мәселемен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне де жүгінуге болады.
Бұл сұрақ шешімін тапқанша, Қор уақытша бір айға сақтандырылған мәртебесін бере алады. Ол үшін Qoldau 24/7 қосымшасын жүктеп, оқу орнынан анықтаманы қосып, мәртебе беру туралы өтінім қалдыру қажет.
№5. Жұмыс беруші студент қызметкер үшін жарна төлесе, оны қайтаруға бола ма
Иә, жұмыс беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазуы қажет.
№6. Студент қызметкер оқуын аяқтаса да, МӘМС төлемдері қайтарылып жатыр. Қатені қалай түзеуге болады
Медициналық сақтандыру қоры жеңілдік санаттары туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдардан алады. Бұл жағдайда Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде деректерді түзету қажет. Қызметкер жеке тәртіппен аталған министрліктерге жеңілдікті санатты алып тастау туралы өтінішпен жүгіне алады.
№7. Қазақстанда оқитын шетелдік студенттерге жеңілдік бар ма
Қазақстанда оқитын шетелдіктер тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда студент ретінде жеңілдік санатын ала алады, себебі шетел азаматтарының МӘМС жүйесіндегі құқығы мен міндеттері Қазақстан азаматтарымен бірдей.
Қазақстан аумағында халықаралық шарт негізінде уақытша тұратын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері, егер заңдарда немесе халықаралық шарттарда көзделмесе, МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Бұл жағдайда халықаралық шарттарды басшылыққа алу қажет.