Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда 26 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 498,55 теңге болып, 0,13 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 26 қарашадағы ресми бағамы – 498,51 теңге.

kurs.kz мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 500,51 теңге, сату бағамы – 502,91 теңге. Астанада доллар орташа есеппен 498,00 теңгеге сатып алынып, 502,98 теңгеге сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 25 қарашада KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,51 теңге болып, 0,08 теңгеге төмендеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *