Жедел жәрдем көліктері азаматтардың шақыруына қанша уақытта келуі керек? Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауабында айтылған.
Жедел жәрдем қанша уақытта жетуі керек?
103 пультіне шақырту түскеннен бастап жедел жәрдем бригадасы мына уақытта жетуі қажет:
- 1-жеделділік санатындағы шақыртуларға орташа уақыт — 9 минут
- 2-жеделділік санатындағы шақыртуларға орташа уақыт — 12,1 минут
- 3-жеделділік санатындағы шақыртуларға орташа уақыт — 17,9 минут
- 4-жеделділік санатындағы шақыртуларға орташа уақыт — 23,8 минут.
Айта кетейік, бірінші санатқа өмірге қауіп төндіретін жағдайлар, жүрек тоқтауы, ауыр жарақат, инфаркт, инсульт, т.с.с. жатса, екінші санатқа қауіпті, бірақ біршама тұрақты жағдайлар, үшінші санатқа тұрақты, бірақ медициналық көмекті қажет ететін жағдайлар, төртінші санатқа өмірге қауіп төндірмейтін жағдайлар жатады.