Қазақстандықтар кафе, мейрамханалардағы қызмет үшін 10 пайыз ақы төлеуі керек пе

Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы міндетін уақытша атқарушы Болат Таңабергенов қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсеткені үшін тұтынушылардың 10 пайыз төлейтініне байланысты пікір білдірді. 

«Азаматтық кодекске сәйкес ас мәзірін ұсыну көпшілікке арналған ұсыныс болғандықтан және қосымша қызмет көрсету ақысы туралы ақпарат мәзірде анық көрсетілуге тиіс екенін еске саламын. Осыған байланысты ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді, онда 10 пайыз қызмет ақысын алу тек мәзірде тиісті ақпарат көрсетілген жағдайда ғана заңды болып табылады», — деді ол.

Айта кетейік, кейінгі бір жылда қазақстандықтардың сыртта тамақтануға жұмсайтын шығыны 48,7 пайызға артқан. Мұндай жоғары өсім соңғы бірнеше жылда алғаш рет тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *