Алаяқтар қазақстандықтардан салық берешегін «өндіріп алмақ»

Интернет-алаяқтар «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алу» туралы жалған хабарламалар жіберіп жатыр. 

Комитеттің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, салық төлеушілердің электронды мекенжайларына және әлеуметтік желілерге «банк шоттарындағы ақша есебінен бюджетке берешекті өндіріп алудағы бұзушылықтарды жою туралы ескерту» деген тақырыппен интернет-алаяқтар хабарламалар жіберіп жатыр.

«Мемлекеттік кірістер комитеті қалыптастыратын барлық хабарла нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады», — делінген ведомство хабарламасында.

МКК өкілдерінің мәлімдеуінше, комитеттің ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек «салық төлеушінің кабинетіне», «электронды үкімет» порталының жеке кабинетіне және «E-salyq» мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.

«Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті қырағылық танытуға және жалған хабарламаларға сенбеуге, қолма-қол ақша аудармауға, күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

Маңызды! МКК ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына хабарлама жіберілмейді», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *