Жол ережелерін білу – қауіпсіздік негізі

Рудный қаласында «Қауіпсіз жол» ЖПІШ өткізілуде

2025 жылғы 21 мен 23 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Рудный қаласының Полиция басқармасы ЖПІШ барысында жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылатынын нақтылады.

— Тәртіп сақшылары мас күйінде автокөлікті басқаруға байланысты ЖҚЕ бұзушылықтарын, басып озу, қарсы разъезд, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерінің алдын алуды, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауды және ұялы телефон арқылы сөйлесуді анықтайды — деп хабарлады ведомстводан.

ЖПІШ бірінші күні 33 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде екі жүргізуші міндетті сақтандыру туралы заңды бұзғаны үшін, үш жүргізуші көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай – ақ, бағдаршамның қызыл түсіне өту, маневр жасау ережелерін сақтамау бұзушылықтары тіркелді.

Тыйым салынған жерден өткені үшін 13 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.

Гүлім МҰРАТ,

суреттерді ұсынған Рудный қалалық полиция басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *