Рудный құрамасы — Жоғары лигада!

5-6 сәуір күндері Астанада өткен Республикалық Жайдарман Жоғары лигасының 1-турында Рудный қаласының “Рудный құрамасы” командасы “сәлемдесу” сайысында Екібастұздық “Біз қазақпыз” тобын 3:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

— Бұл “Jaidarman TOP” ойындарына еліміздің түкпір-түкпірінен 250 командадан іріктеліп, небәрі 16 команда өтті. Олар 4 топқа бөлініп, маусым бойы 3 ойын өткізеді. Биыл біз құрамға танымал блогер, қазіргі таңда трендте жүрген Юсуп Еламанды қостық. Осы маусымда осы құраммен өнер көрсетеміз. Келесі ойындар мамыр айының ортасында өтеді, — деп бөлісті команда капитаны Қазбек.

Жеңістеріңіз көп болсын, “Рудный құрамасы”!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *