«Кен қала Рудныйға 68 жыл!»: Жаңбыршы Тұқатұлы барша тұрғындарды мерекемен құттықтайды

Тағдыр»деген бір сөз бар,орны бөлек,

Жандыға да, жансызға болар себеп.

Ирек жолды бұралаң қу тіршілік,

Қайда апарып соғатын Алла біледі.

 

Оған себеп тарихтың айқын сыры,

Хабар беріп сездіртет Хақтың нұры.

Тылсым құдірет ұшаққа көкте жүзген,

Кенді жерді сездіріткен Аллам ұлы.

 

Әрине не бір іске Алла себеп,

Әр түр ғып сыйға тартқан дәнекерлеп.

Сол бақыт бұйырыпты Михайлға,

Сұрғұтанов ұшқышын желеп-жебеп.

 

Хас ұшқыш шебері еді өз ісінің,

Жүрекпен сезуі еді мотор үнін.

Компасы діріл қағып толқыған да,

Назар сап топшылады жердің түрін.

 

Әйеттен ұшып шыққан ұшқыш мырза,

Ниеті жұмыс тобын қылу ырза.

Алуға жалақыны келе жатты,

Ұшақпен тарихтағы дара тұлға.

 

Тарпаң тағдыр жасады тосын сыйын.

Көтеріп Нар жігіттің көңіл күйін.

Сезімтал табиғаты ойын тербеп,

Қайтарда тексеруге шешті түйін.

 

Адамның басшысы ақыл, талап жетек,

Ақ жол туса жаратқан берер көмек.

Құбылыс қайталанды дәл сол тұста,

Бақ сыйлап Михайлға елден ерек.

 

Осындай тарихы бар кен өлкемнің,

Паш еткен Кеннің қоры көп екенін.

Сол бір жер Сарыбайда алып шаһар,

Көз тартар Кең өлкемде қандай керім.

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Рудный қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қаламыздың абыройы артып, тұрғындары әрқашан амандықта, бірлікте болсын. Өскелең ұрпаққа үлгі болып, Рудныйымыздың дамуына барлығымыз үлес қоса берейік. Мереке құтты болсын!

Игі тілек арнаушы: Рудный қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, жергілікті ақын, қара сөз қаламгері Тілеуғабылтегі Жаңбыршы Тұқатұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *