Қазақстанда жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шығады

Қазақстан Ұлттық банкі жаңа дизайндағы 500 теңге және 20 000 теңгелік банкноттарды айналымға шығарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реттеуші жаңа банкноттарды шығару жоспарлары туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«2025 жылдың төртінші тоқсанында жаңа үлгідегі 500 теңгелік банкноттар, ал 2026 жылы – 20 000 теңгелік банкноттар айналымға енгізіледі», – деп хабарлады Ұлттық банк.

Еске салайық, 2024 жылдың басында Ұлттық банк 500-ден 20 000 теңгеге дейінгі барлық банкноттарды ауыстыру жоспары туралы айтқан болатын.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *