Рудный прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство ақпаратына сәйкес, прокурорды ұстау ДҚКБ-мен бірлесіп жүргізілген.
«Қызметтік тәртіпбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Ашық дереккөздердегі мәлімет бойынша, Қостанай облысы Рудный қаласының прокуроры Мұрат Успанов. Ол бұл қызметке 2024 жылғы 6 қыркүйекте тағайындалған, оған дейін Қостанай облысының Арқалық қаласының прокуроры болған.