Халқымыздың егемен ел ретінде қалыптасуының, мемлекеттік тұғырын бекіткен тарихи маңызды күн. 25 қазан – Республика күніне орай Мемлекеттік тілдегі кітапханада»Мәңгілік жаса, қыран елім» атты тарихи-патриоттық кеш ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа ел тарихын таныту, патриоттық рух пен ұлттық құндылықтарды насихаттау. Іс-шараға «Кездесу» клубының мүшелері, Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің
5-сынып оқушылары мен «Алтын домбыра» студиясының өнерпаздары қатысты. Кеш барысында оқушылар Отан туралы тақпақтар оқып, ұлттық күйлер орындады. «Жадыра» вокалдық ансамблі патриоттық әндер шырқап, кештің мазмұнын байыта түсті.

«Кітапханашы тарихи мәліметтер ұсынып, викториналық сұрақтар арқылы балалардың білімін шыңдады. Сонымен қатар, кітап көрмесіне қойылған ел тарихына қатысты әдебиеттерге шолу жасалып, оқырмандар назарына ұсынылды.Осындай мазмұнды іс-шаралар жас буынды елін сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды»,- деп атап өтті мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы Айнаш Абенова.
Кеш соңында «Рудныйдың ОКЖ» ММ директоры Лариса Анатольевнаның Алғыс хатымен белсене атсалысқан оқушылары марапатталды.
Гүлім МҰРАТ,
Суретті ұсынған мемлекеттік тілдегі кітапхана