Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2025 жылғы 17 қазандағы бұйрығымен Рудный қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Асқар Болатұлы Бурбаев тағайындалды.
Асқар Бурбаев 1986 жылғы 29 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы ішкі істер органдарында бастап, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің патрульдік полиция полкінде қызмет инспекторы болып жұмыс істеді. 2009 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы қаңтарға дейін ІІД Тергеу басқармасының жол-көлік оқиғаларын тергеу бөлімінде анықтаушы қызметін атқарды.
2012 жылдан бастап прокуратура органдарында қызмет етіп келеді. Алдымен Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының сотқа дейінгі тергеу сатысының заңдылығын қадағалау жөніндегі көмекшісі, кейін осы ауданның аға көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының прокуроры болды.
2017–2022 жылдары ол Бас прокуратураның қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықтың жай-күйін талдау және қылмыстық қудалау заңдылығының сақталуын қадағалау басқармаларында прокурор және аға прокурор ретінде қызмет атқарды. 2022 жылдан бастап Бас прокуратураның осы саладағы талдау басқармасының аға көмекшісі қызметін атқарып келді.
Прокуратура органдарындағы жалпы еңбек өтілі – 14 жыл. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.
Гүлім Мұрат,
Суретті түсірген Айбар Берік