Құрметті отандастар! Сіздерді елдік пен егемендіктің айшықты мерекесі Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекенің мемлекетіміз үшін тарихи әрі рухани мәні ерекше.
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін! Еліміздің еңсесі биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!
Мереке қарсаңында жазылған кезекті өлең шумақтарын назарларыңызға ұсынамын
Ұлт мерекесі
О халқым! Ойын-тойды жаны сүйген,
Жастарым, мұндай күні ойнап-күлген.
Бүгінгі Республика күніне арнап,
Құттықтап сіздерге мен, жырды төгем.
Армандап талай жандар, ата-бабам,
Еңбек етіп, елі үшін, терін төккен.
Егеменді елдіктің декларациясы,
Қабылданып бұл күні бекітілген.
Республика күні бұл ұлтымыздың,
Келе жатыр, жыл сайын тойланумен,
Ұлтымыз мерекесі аталумен,
Ұласып кетті-ау міне дәстүріммен.
Үлкен-кіші қариямен, әжелерім,
Арнайы қолын жайып, бата берген.
Асыр салып, би-билеп ұл қыздарым,
Ән шырқап, терме айтып, жырын төккен.
«Отыз бес» жыл толыпты мерекеме,
Шай күлкіні, көрдім мен жүздеріңнен,
Ұмытпас ұрпақтарым есіне алып,
Көп ұлтты еліміздің бірлігімен.
Теңдесі жоқ халқымның тірлігінде,
Абыройы асып, еңбегі жана түскен.
Байлығы Рудныйымның күннен-күнге,
Кен қазылып, қазынасы арта түскен.
Абыройы асқақтап, қазағымның,
Көк туымыз, биікте желбіреген,
Мықтылығын біледі, біздің елдің,
Даңқы асып, шар-тарапқа аты жеткен.