2026 жылғы 17 ақпанда «Рудный жылу желілері» ЖШС «Конституция және азамат: қарапайым тілмен» тақырыбында конституциялық реформаны ілгерілету аясында еңбек ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Еңбек ұжымы алдында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Искаков А.К. және «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» облыстық филиалының төрағасы Литошенко М.А. сөз сөйледі.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы жобасының негізгі ережелері түсіндірілді. Жаңартылған Конституцияның басты құндылықтары ретінде адам құқықтарын, бостандықтары мен қадір-қасиетін қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, конституциялық реформа мәселелері бойынша ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.