Су тасқыны кезеңіне дайындық

Рудный қаласының аумағында жер асты және еріген қар суларының салдарынан су басу қаупі бар келесі учаскелер анықталған:

  • Котельная көшесіндегі фабрикалық-зауыттық оқыту ауданы;
  • Дощанов көшесіндегі Горняцкий кенті;
  • Қаратомар су қоймасы нысанында апатты жағдай туындаған жағдайда және Тобыл өзені арнасынан асқан кезде;
  • судың едәуір көлемде жіберілуі кезінде — Парковая көшесінің оңтүстік бөлігі мен Перцевка кенті.

Ағымдағы жылы облыс аумағындағы қар жамылғысындағы ылғал қоры 50 мм норма кезінде 43 мм-ді құрайды, бұл салыстырмалы түрде қолайлы көрсеткіш болып табылады.

2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында қалада келесі жұмыстар атқарылуда:

Рудный қаласы ТЖБ қызметкерлері Полиция басқармасымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, күн сайын барлық су тасқыны қаупі бар учаскелерде және елді мекендерде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Негізгі мақсат — қарды уақытылы шығару және іргелес аумақтарды тазалауды қамтамасыз ету.

Өткізілген рейдтер барысында Полиция басқармасымен жеке және заңды тұлғаларға қатысты қарды уақытылы тазаламау және шығармау деректері бойынша 75 әкімшілік хаттама толтырылып, 127 хабарлама табысталды.

Халықпен аулаларды қардан тазалау мәселелері бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ТЖБ қызметкерлері «Назар аударыңыз, су тасқыны! Су тасқыны және су басу кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары» тақырыбында 2 105 дана үгіт-насихат парақшаларын таратты.

Рудный қаласының әкімі бекіткен Төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес мобильді топтар құрылып, су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты мониторинг ұйымдастырылған.

Ықтимал су тасқындарын жою үшін 469 жеке құрам, 66 бірлік техника және 1 жүзу құралы көлемінде күштер мен құралдар тобы айқындалды.

Инертті материалдар дайындау жұмыстары жүргізілуде. Қорда 100 тонна құм және 5 000 қап бар. Төтенше жағдай туындаған жағдайда халықты тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен 4 келісімшарт жасалған.

Перцевка кентінде Қаратомар су қоймасы тарапынан судың ықтимал шекті жіберілуінен қорғау мақсатында ұзындығы шамамен 1,5 шақырым және кей жерлерде биіктігі 2 метрден асатын қорғаныс бөгеті бар.

Алдағы уақытта еріген қар суларының өтуін бақылау және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар учаскелер мен елді мекендерге шығу жұмыстары жалғасады.

Су тасқыны кезеңінде халыққа ұсыныстар:

— Аула аумағын қар мен мұздан алдын ала тазалап, еріген сулардың еркін ағуын қамтамасыз ету;

— Су ағызу арықтары мен нөсерлік жүйелерді тазалау;

— Аула аумағын бекіту үшін құм салынған қаптарды дайындау;

— Құнды заттар мен тұрмыстық техниканы биік жерге көшіру;

— Ауыз су, азық-түлік және бірінші кезектегі қажетті заттар қорын дайындау;

— Электр сымдарының жарамдылығын тексеріп, су басу қаупі туындағанда электр қуаты мен газды ажырату;

ТЖБ және жергілікті атқарушы органдардың ресми ақпараттарын қадағалау;

Су басу қаупі төнген жағдайда дереу шұғыл қызметтерге хабарлап, құтқарушылардың нұсқауларын орындау.

Профилактикалық іс-шараларды уақтылы орындау және әрбір тұрғынның қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы су тасқыны кезеңін тұрақты өткізуге және қауіп-қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *