2026 жылғы 19 ақпанда Рудный қаласында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 19 ақпанда Рудный қаласында Қоғамдық кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттарының қатысуымен «Жаңа Конституция: қоғаммен диалог» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесу барысында 2026 жылғы Жаңа Конституция жобасы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар қолданыстағы нормалар мен ұсынылып отырған өзгерістерге салыстырмалы талдау жүргізіп, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу және құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Диалог барысында қоғам өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері айтылды. Конституциялық реформаларды табысты іске асырудың негізгі шарттары ретінде ашықтық, айқындық және кең ауқымды қоғамдық талқылаудың маңыздылығы атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *