2026 жылғы 23 ақпанда «Арасан» ЖШС «Конституция – әділетті мемлекеттің негізі» тақырыбында конституциялық реформаны түсіндіруге арналған еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Еңбек ұжымы алдында Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Искаков А.К. сөз сөйлеп, конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталды. Ол заңдылық қағидаттарын нығайтудың, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу рөлін арттырудың маңызын атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды.