«AMANAT» партиясының қалалық филиалында ескі үлгідегі партия билеттерін жаңасына айырбастау жалғасуда

Өткен жұмада қалалық филиалдың атқарушы хатшысы Светлана Мазур «№1 шағын аудан»бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен кездесті

Кездесу барысында ол әріптестеріне партияны жаңғырту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, партияластарға «AMANAT»партиясының жаңа үлгідегі билеттерін табыс етті.

«№1 шағын аудан» бастауыш партия ұйымы қалалық филиалдың ең ірі бастауыш партия ұйымдарының бірі болып табылады, оның құрамында 299 партия мүшесі бар.

Ал 25 шілдеде «AMANAT» партиясының жаңа үлгідегі билеттерін «№12 шағын аудан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ирина Баканова тапсырды.

Ирина Николаевна партия қызметін жетілдіру бойынша өз көзқарасымен бөлісті, сондай-ақ Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға және жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.

Ескі үлгідегі партиялық билеттерді жаңасына айырбастау жалғасады.

Қазіргі таңда «AMANAT» партиясының Рудный қалалық филиалында 3459 партия мүшесі бар, 18 бастауыш партия ұйымы бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *