Зейнетақы жинағын пайдалану: тіс емдеуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылады. Шектеулер 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді», – деп мәлімдеді «Отбасы банк».

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы банк қосымша хабарлайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *