Рудныйда әлеуметтік көмек 16 бағыт бойынша көрсетілуде

Рудный қаласында өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жалғасуда. Бұл туралы қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Елена Скаредина брифинг барысында хабарлады.

Оның айтуынша, бүгінде әлеуметтік қорғау саласы 16 мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Олар ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы төлемдер түрінде беріледі.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 39 320 теңге) мөлшерінде көмек алады.

Мүгедектігі бар азаматтарға дәрі-дәрмек пен емделу шығындарын өтеу үшін төлемдер қарастырылған.

1 және 2 топтағы мүгедектерге жылына бір рет 30 АЕК көлемінде өтемақы төленеді.

Өрттен зардап шеккен азаматтарға 50 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек беріледі.

Сондай-ақ, үйде білім алатын балаларға жыл сайын 8 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлем төленеді. Қазіргі таңда осындай көмекті 40-тан астам бала алады.

«Әлеуметтік қорғаудың басты міндеті — тек көмек көрсету ғана емес, азаматтардың өз еңбегімен табыс табуына мүмкіндік беру»,- деді Елена Скаредина.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *