Менің мамандығым – менің мақтанышым!

Білім ордасының оқу жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс білім алушылары алғашқы тәжірибелерін облыстың мектепке дейінгі мекемелерінде өткізген болатын. Қай кезде де кәсіби тәжірибенің берері мол. Осы орайда ойға түйгені мен үйренгендерін 1 курс білім алушыларына ақпарат беру мақсатында танымды дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибе өту туралы мәселесі талқыланды. 1 курс білім алушылары белсенді қатысып, мамандық туралы: нақыл сөздер, мамандықты таңдау факторлары мен жолдары, әрі теориялық білімдерін де нақты көрсете білді. Олар қызықтырған өзекті сұрақтарына толық жауап ала білді. Атап айтқанда: психологиялық педагогикалық бейімделу, бүлдіршіндермен жұмыс барысындағы қиындықтар, педагогикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері, тәрбиешіге қойылатын талаптар, дидактикалық материалдар, ата-аналармен жұмыс, нормативтік құжаттар түрлері т.б.

Өз кезегінде 2 курс білім алушылары өз пікірлерімен, тәжірибе барысында өз қолдарымен жасалған қызықты көрнекіліктермен: «саусақ театры», ертегілер кейіпкерлері, мамандық иелерімен бөлісіп, кеңестерін де айтты.

Қорыта келе, педагог-тәрбиеші қызметінің маңыздылығы бала тәрбиесінде, қызықтыра отырып оқу-іс әрекетіне назар аударту, педагогикалық қарым- қатынасты шебер ұйымдастыра білу деген ортақ пікірге келді.

Саулеш ҚАНЕШОВА

Ы.Алтынсарин атыңдағы

РӘСК оқытушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *