Мереке күндері Қостанай облысында жедел жағдай қалай қалыптасты?

Бұл туралы өңірдің ПД-да айтылды

Қостанай облысында 1-3 қаңтар аралығында полиция қызметкерлері облыстың қалалары мен елді мекендерінің көшелерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етті. Осы уақыт ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға жол берілмеді.

Тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударды. Үш күн ішінде 271 жол қозғалысы ережесін бұзу анықталды, оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін бес жүргізуші ұсталды.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 88 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Полиция қызметкерлері бұрын жасалған бес қылмысты ашты.

Үш күн ішінде облыста екі ЖКО тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *