Ономастикалық комиссия елорданың атауын өзгертуді қолдады

Ономастикалық комиссия отырысында елорданы Астана деп қайта атау мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Информбюро

Ономастика комиссиясының мүшелері елорданы қайта атау туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Нұр-сұлтан әкімдігінің сайты.

Ономастика комиссиясының отырысында Нұр-сұлтан қаласын астана деп қайта атау туралы мәселе талқыланды. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері, қала тұрғындары елорданы қайта атау туралы мәселені көтерген болатын. Парламентшілердің ұсынысы Конституциялық заң жобасына да енгізілген.

Ономастика комиссиясының отырысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Мемлекет тарихы институты» РММ директорының орынбасары Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Тілуеғали Қышқашбаев және т.б. елордамыздың бұрынғы атауын қайтару жөнінде пікір білдірді.

13 қыркүйекте Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай парламентшілердің ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілгенін хабарлады.

«Бұл ретте президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтудағы және Астананың қалыптасуындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөлін тарихи факт деп санайды. Сондықтан тұңғыш президенттің құрметіне аталған басқа да нысандар өз атауларын сақтауы тиіс», — деп атап өтті Руслан Желдібай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *