Оқу орындарының аудармашылары арасындағы қалалық конкурстың нәтижелері айтылды

Байқау қалалық Тілдерді оқыту орталығының базасында өтті, екі кезеңнен тұрды: «ресми аударма» (билеттерді таңдай отырып, мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару) және «Терминдер әлемі» (қатысушылар іс жүргізу бойынша сұрақтарға жауап берді).

Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды.

Бірінші орынды Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының аудармашысы Айдархан Омарғалиев, екінші орынды №10 бөбекжай – балабақшасының аудармашысы иеленді

Жанерке Татенова, үшінші орын – №11 жалпы білім беретін мектептің аудармашысы Назгүл Исполатова.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

«Үздік аудармашы-2022» байқауы Рудный әкімдігінің Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды, ұйымдастырушы «Sanaly urpaq-2050″қоғамдық қоры болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *