Рудныйда республикалық «Міржақып оқулары» байқауы өтті

«QC Holding» компаниясының «QC Read» жобасы, Рудный қаласы білім бөлімі және Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің бірлесуімен қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, публицист Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған «Міржақып оқулары» республикалық байқауы өтті.

Жобаның мақсаты – жас ұрпақ арасында Міржақып Дулатұлының рухани мұрасын насихаттау және оқушыларды кітап оқуға баулу.

Байқауға Астана, Шымкент қалалары мен Қостанай облысының барлық аудандарынан 202 оқушы қатысты.
Шараның марапаттау рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, белгілі ұстаз әрі журналист Ибраһим Ағытайұлы, «QC Holding» компаниясының басшысы Нұралхан Кульчиков, сондай-ақ қоғам және білім саласының өкілдері қатысты.

Қатысушылардың жұмыстарын әділқазылар алқасы жоғары бағалады. Нәтижесінде 9 қатысушы мен 5 жетекші түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

? Бас жүлде иегері — Бұхарбай Айару (Жангелдин ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп).
? ІІ орын -Серік Даниал (Шымкент қаласы).
? ІІІ орын -Болат Айдана (Арқалық), Серікбай Маржан (Рудный), Нұрданбек Мерей (Астана).

 

Арнайы номинациялар иегерлері де анықталды:

• «Тіл тазалығын сақтаған үздік оқушы» — Каланбекова Айдана (Рудный)
• «Үздік эссе авторы» — Болатбекқызы Асыл (Амангелді ауданы)
• «Мазмұнды оймен ерекшеленген қатысушы» -Муканова Анеля (Әулиекөл)
• «Көркем әдеби стиль шебері» -Утебаев Азамат (Астана)

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды: І орын – iPhone 16 Pro Max, ІІ және ІІІ орындар – Acer ноутбуктері, ал номинация иегерлеріне ақшалай сыйлықтар берілді.

Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, «Міржақып оқулары» байқауы алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, жас ұрпақтың рухани дамуына және кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тұрақты жобаға айналмақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *