Рудныйда 1 қазан күні даналық пен құрмет мерекесі өтеді

2025 жылғы 1 қазанда «Достық» саябағында үлкендерге арналған «Даналық пен құрмет мерекесі» ұйымдастырылады. Бұл мереке ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен еңбегін бағалауға арналмақ.

Бағдарлама 11:30-да қонақтарды аниматорлар мен фотографтар қарсы алудан басталады. Сағат 12:00-де «Даналық пен құрмет мерекесі» атты концерттік-би ретро бағдарламасы өтеді.

Күн бойы мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:
▫️ ардагерлер мен студенттердің қатысуымен «Оқырман орындықтары»;
▫️ интерактивті «Біздің аула ойындары» алаңы;
▫️ қала тұрғындарының қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі;
▫️ «Денсаулығыңды тексер» медициналық шатырында қан қысымын, бой мен салмақты өлшеу;
▫️ «Сібір денсаулығы», Oriflame, GreenWay, Atomy компанияларының көрмелері мен кеңестері;
▫️ «Балмен шай ішу» – бал сату және дәм тату;
▫️ мерекелік сауда.

Мереке сағат 15:00-де аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *