Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын заманауи талаптарға бейімдей отырып насихаттау және қазақ тілін оқытудағы үздік тәжірибелерді тарату.
Сайыс үш кезеңнен тұрды: қатысушылар заманауи технологияларды қолдана отырып сабақ үлгісін дайындады, әдістемелік сұрақтарға жауап берді және сынама топқа ашық сабақ өткізді.
Қостанай облысының намысын қорғаған Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ оқытушысы Нұрсыйла Мейірімханова байқауда жүлделі 3-орынды иеленді.