Рудный қалалық мәслихатының депутаттары Әділет департаментінің басшысымен кездесті

15 қыркүйекте құқықтық түсіндіру жұмысы аясында Рудный қалалық мәслихатының депутаттары Қостанай облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы Әлия Алатаевна Аманжуловамен және Қостанай облысы Нотариаттық палатасының төрағасы Азамат Меңдібекұлы Баекинмен кездесті.

Кездесуге Рудный қаласының нотариустары, адвокаттары мен жеке сот орындаушылары да қатысты.
Отырысты А. А. Аманжулова Қостанай облысы Әділет департаментінің 2023 жылғы 8 айдағы қызметі туралы есебімен ашты, оның барысында қатысушыларды Қостанай облысы бойынша Әділет департаментінің қызметімен таныстырып, қызмет бағыттарының әрқайсысына егжей-тегжейлі тоқталды: заңды тұлғаларды, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу; құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және т. б.
Сөз сөйлеу барысында «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы шеңберінде халыққа тегін заң көмегін көрсету туралы жеке атап өтілді, сондай-ақ, әсіресе атқарушылық іс жүргізу бойынша толық түсініктемелер берілді.

Қостанай облысы Нотариаттық палатасының төрағасы А. М. Баекин нотариаттық сенімхаттарды қашықтықтан (онлайн) беру туралы айтып берді, сондай-ақ нотариаттық құжатты онлайн форматта алу жөніндегі іс-қимыл алгоритмімен таныстырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әділет және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, сондай-ақ Республикалық нотариаттық палата «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасына бастамашылық жасады. Бүгінгі күні нотариустар «eGov Mobile» электрондық үкіметінің қосымшасы арқылы азаматтардың өтініші бойынша сенімхаттарды қашықтықтан куәландыра алады.

Қызметті алу үшін «eGov Mobile» қосымшасын жүктеп, мобильді қосымшаға кіріп, тиісті «Enotary» сервисін таңдау қажет. Алынған құжатты басып шығаруға немесе электрондық тасымалдағышта көрсетуге болады. Нотариаттық құжатқа QR коды және бірегей сәйкестендіру коды беріледі.
Қашықтық форматының арқасында нотариус әрдайым қамтамасыз ететін дәстүрлі құқықтық кепілдіктерді ала отырып, нотариустың кеңсесіне баруға уақыт пен шығындарды едәуір үнемдеуге болады, – деп қорытындылады Қостанай облысының нотариаттық палатасының төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *