Рудный қаласындағы студенттер арасында тамақтан улану топтық ауруының тіркелу фактісі бойынша баспасөз хабарламасы

Ағымдағы жылдың 20 сәуірі мен 21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМК студенттері арасында тамақтан улану бойынша топтық жағдай тіркелді. Жұқпалы аурулар бөліміне барлығы 14 адам жатқызылды.

Аталмыш факт бойынша департамент пен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қозғалған қылмыстық іс аясында кәсіпкерлік субъектісі жалға алған колледж асханасына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Эпидемиологиялық тексеру барысында науқастарда жүрек айнуы, құсу, сұйық нәжіс түріндегі белгілер болғаны, олар колледж асханасында тамақтанумен байланысты екені анықталды.

26 ​​сәуір 2022 жылы барлық студенттер қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан  шығарылып, дәрігерлердің бақылауында.

Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококктың тасымалдануы анықталды, дайын өнімнің барлық үлгілері микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді.

Ауруханаға жатқызылған студенттерде талдауларда патогенді алтын стафилококк анықталды.

Инфекцияның ықтимал көзі қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері болуы мүмкін.

Тексеру барысында санитарлық ережелерді бұзу фактілері анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, сақтау шарттары мен пісіру технологиясын бұзу.

Мамандар індет ошағында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *