Рудный қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дмитриева И.Н. Рудный қаласындағы Сәбилер үйінде «Конституция – әділетті мемлекеттің негізі» тақырыбында конституциялық реформаларды түсіндіруге арналған кездесу өткізді.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың балаларға қамқорлық көрсету және әлеуметтік мекемелерді қолдау ісіндегі мемлекеттің рөлін күшейтетіні атап өтілді. Рудный қаласындағы Сәбилер үйінің қызметі осы қағидалардың іс жүзінде жүзеге асуының маңызды үлгісі болып табылады. Мекеме ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін балаларға күтім жасап, тәрбиелеп, медициналық көмек көрсетеді.

Мұндай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және Конституцияның әділетті әрі әлеуметтік бағыттағы мемлекетті қалыптастырудың негізі екенін терең түсінуге ықпал етеді.