Тұрғын үй мәселесі әлі де өзекті

Рудныйда 24 қарашадан бастап кезекті үйлерді бөлу жұмысы бастау алды

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына тұрғындар көбінесе тұрғын үй алукезегінің ұзақтығы мен кезектілік мәселелері бойынша өтініштер жолдайды. Қаладақазіргі таңда 5000-нан астам тұрғын кезекте тұр. Осы мәселелерді түсіндіру жәнеталқылау мақсатында партия өкілдері Рудныйдағы «Отбасы банк» АҚ қызмет көрсетуорталығының басшысы Медет Аубакировтың қатысуымен брифинг өткізді.

Қазақстанда өз тұрғын үйі жоқ азаматтар мемлекет тарапынан түрлі қолдауларға иебола алады: жалға беру субсидиясы, жалға берілетін тұрғын үй және 2-5 пайыздықжеңілдікті несие мүмкіндіктері бар. Биылғы мамыр айынан бастап кезекте тұрғанбарлық азаматтар толықтай «Отбасы Банк» АҚқа берілді, бұл кезекке қоюережелерінің жаңартылуына әкелді. Енді кез келген Қазақстан азаматы, 18 жасқатолған болса, мына шарттарды орындаған жағдайда өтініш бере алады: соңғы бесжылда өз атына тұрғын үй болмауы, соның ішінде жұбайы мен кәмелетке толмағанбалаларының атына да тұрғын үй жоқ болуы, тұрақты тіркелген мекенжайы болуы, – дейді Медет Аубакиров.

Астана, Шымкент және Алматы сияқты ірі қалаларда тұрғын үй кезегіне тұру үшінкемінде үш жыл тұрақты тіркелген мекенжай болуы қажет. Ал Рудный және басқақалаларда тіркелу мерзімі шектелмеген.

Жаңа ережелерге сәйкес, кезек қазір бүкіл ел бойынша біртұтас болып жүргізіледі. Барлық мәліметтер ортақ базада сақталады, ал тұрғын үй бөлу тіркелу күніне қарайреттеледі. Бұрын kezekte.kz сайтында әр азамат өз кезек нөмірін көретін, қазір ондайнөмір жоқбарлығы ортақ базада жинақталған.

Өтініштер тіркелген кезінен бастап ретретімен қаралады, ең алдымен ұзақ уақыттанбері кезекте тұрған азаматтарға басымдық беріледі. Осылайша, өтініштер жыл сайынкезеңкезеңімен өңделеді.

Қазіргі таңда Рудный қаласында барлық санат бойынша 5191 адам тұрғын үй кезегіндетұр. kezekte.kz сайтына тіркелген азаматтардан жеке мәліметтерді жинау және өңдеугекелісімін қайта растау сұралатын. Бұл өте маңызды. Бұрын бұл келісім жергіліктіатқарушы органдарға, яғни әкімдікке берілсе, енді orken.otbasybank.kz сайтына ЭЦҚарқылы кіріп, деректерді өңдеуге келісімді қайта беру қажет.

Сонымен қатар, банк барлық кезекте тұрған азаматтардың деректерін тексеріп, жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Жеке деректерді жинау және өңдеуге келісімді неге сұрайды десеңіздер, бұл әротбасының жағдайын дұрыс бағалау үшін қажет. Отбасы мүшелерінің саны менқұрамын ескеру үшін. Мұндай ақпарат тұрғын үйді дұрыс бөлуге көмектеседібірбөлмелі, екі бөлмелі немесе үш бөлмелі пәтерді отбасының қажеттілігіне қарайтағайындауға болады. Егер сіз кезекте тұрсаңыз, «Отбасы банк» ресми сайтындағытізімде өзіңізді тексеріңіз. Бұл тізім ай сайын жаңартылып, кезекте тұрған барлықазаматтардың тізімін қамтиды. Кейбір азаматтар кезекте 2005 жылдан бері тұр. Мәліметтердің өзектілігін сақтау үшін әр кезекте тұрған адам өз жеке кабинетінекіріп, жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі маңызды, – деді спикер.

Кезекте тұрған азаматтар жиі сұрайтын сұрақ – «Жеңілдік берілетін санаттарға пәтерқашан беріле бастайды?». Рудный қаласында толық пайдалануға берілген үйлер барекенін көріп, тұрғындар тұрғын үй қорына қол жеткізу мүмкіндігін күтеді.

Тұрғын үй беру жұмыстарын жалғастыра алмайтын бір себепбарлық мәліметтердітексеру, яғни инвентаризация жүргізу қажеттігі. Сондықтан біз барша азаматтарданжеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді сұраймыз. Бұл кімнің кезектетұрғанын нақты білу үшін қажет, – деп түсіндірді Медет Аубакиров.

Брифинг барысында Медет Аубакиров 24 қарашадан бастап екі үйде тұрғын үйбөлінісі басталғанын хабарлады: Қашар көшесі, 11 және Молодая гвардия көшесі, 15 мекенжайлары бойынша.

Қашар, 11 үйінде 48 пәтер бар: 19 — бір бөлмелі, 8 — екі бөлмелі және 18- үш бөлмелі. Молодая гвардия, 15 үйінде – 15 пәтер: 1 —  бір бөлмелі, 5 — екі бөлмелі және 14 — үшбөлмелі. Осылайша, екі үйде барлығы 60 пәтер бөлінетін болады.

Кезекте тұрған азаматтар туралы ақпарат SMS-хабарламалар мен «Отбасы банк» арқылы қоңырау шалу арқылы жеткізіледі. Әр азаматқа келісімін растап, жалға алушарты бойынша келісім жасауға бес күн уақыт беріледі. Егер бес күн ішінде жауапкелмесе, банк кезекті келесі адамға береді.

Рудныйдағы «Отбасы банк» қызмет көрсету орталығының басшысы сондайақ 2-5 пайыздық жеңілдік несие жүйесі туралы ақпарат берді. 2 пайыздық мөлшерлеменарықтағы ең тиімді ұсыныс. Мұндай төмен мөлшерлемеге кімдер ие бола алады? Бұлартықшылық көбінесе кезектегі басым санаттағы азаматтарға беріледі: көпбалалыотбасыларға, жетім балаларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға, ардагерлерге және басқа да жеңілдік берілетін топтарға.

Алайда, 2 пайызбен ипотека алу үшін отбасының әр мүшесінің табысы алты айлықөмір сүру минимумынан аспауы керек, яғни бір адамға 231 мың теңгеден көп болмауықажет. Сонымен қатар, несие беру барысында кезекте тұрған азаматтарға басымдықберіледі: кезекке ертерек тұрған сайын несие алу мүмкіндігі жоғары болады.

Барлық кезекте тұрған азаматтар үшін 5 пайыздық несие де қарастырылған. Несие алутәртібі ұқсас: байқау жүйесі бойынша және кезекке тіркелген күніне қарай басымдықберіледі.

Рудный тұрғындарының тұрғын үй алу үшін несиені қаншалықты белсендіпайдаланатыны туралы сұраққа Медет Аубакиров былай деп жауап берді:

Адамдар жиі «Отбасы банкке» кеңес алу үшін келеді. Біздің банктің ең тиімдіұсынысы – 3,5-5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін тұрғын үй несиесі. Мұны алуүшін үш жыл бойы аздап жинақтау қажет. Қазір Рудныйда клиенттер бастапқы жәнеекінші нарықтағы тұрғын үйді сатып алуда. Біз бастапқы нарыққа арналған бағдарламабасталғанын хабарладық, бірақ екінші нарықтағы тұрғын үйді де белгілі шарттардаалуға болады.

Тұрғындар банкке келіп, өз төлем қабілеттілігін растайды. Дегенмен, кейбір адамдарқиындыққа тап болады: табысын растай алмайды немесе несие тарихы жаман. Екіншінарықтағы жеңілдетілген несие бойынша бастапқы жарна тұрғын үй бағасының 50 пайызын құрауы тиіс. Мұндағы пайыздық мөлшерлеме 7-8,5 пайыз аралығында, бұлнарықтағы бағадан төмен.

Содан кейін спикер жалға берілетін тұрғын үй алу мәселесіне тоқталды. Жалдаукезегіндегі азаматтар үшін барлығы қолжетімді. Бірақ кез келген санаттағы азаматтыңтабысы ескеріледі. Соңғы алты айдағы әр отбасы мүшесінің орташа табысы екі айлықөмір сүру минимумынан аспауы керек. Мысалы, егер отбасында үш немесе одан дакөп адам болса, бір адамның табысы 92 456 теңгеден аспауы қажет. Ал егер отбасындаүштен аз адам болса, бір адамның табысы 161 мың теңгеден жоғары болмауы керек.

Жалдау үшін табысты есепке алу маңызды. Үкімет екі түрдегі тұрғын үйді бөледі: жалға берілетін және несиеге арналған тұрғын үй. Бұл екі түрдің арасындағы бөліністі әкімдік реттейді.

— Бұрын жалға берілетін тұрғын үйді әкімдік, ал несиеге берілетін тұрғын үйді банк басқаратын. Қазір жалға берілетін тұрғын үйді басқару да «Отбасы банк» АҚ-қа берілген. Мысалы, банкке 100 пәтер жалға беру үшін берілсе, бөліну басым санаттарға сәйкес жүзеге асады. Мұндай басым санаттар барлығы 8: ардагерлер, мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, көпбалалы отбасылар, жесір әйелдер және басқа топтар. 100 пәтердің 70 пайызы осы санаттарға беріледі, оның ішінде 20 пайыз (20 пәтер) ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған. Қалған 30 пайызы бюджет ұйымдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерге бөлінеді, олар басым санатқа кірмейді,-дейді маман.

Қазіргі таңда 17 қарашадан бастап «Әскери баспана» және «Наурызәскери» бағдарламалары басталды. Бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі алғашқыжарна міндетті емес. Осылайша жыл сайын 7 мың әскери қызметкерге несие беріледі. Қатысушылардың тізімін жұмыс орны жасақтап, банкке хат жібереді. Несие көлемі Астана мен Алматы қалалары үшін 36 миллион теңге, ал басқа өңірлерде 30 миллион теңге. Егер алғашқы жарнаға үй бағасының 20%-дан 50%-ға дейін қаржысын құйған жағдайда, банк несие сомасын 80 миллион теңгеге дейін ұлғайтады.

Медет Аубакировтың айтуынша, банкке келудің қажеті жоқ. Барлық ұйымдарға хат жолданған. Мекемелер тарапынан кімнің пәтері жоқ, сол бойынша тізім жасалады. Егер менеджер сізді тізімнен тапса, онда кредиттік өтінім бере аласыз.Толығарақақпаратты «Отбасы банк» АҚ филиалдарынан білуге болады.

Арай АХМЕТ,

суреттерді түсірген Андрей МУРЗИН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *