Уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты eGov.kz порталы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі уақыт белдеуінің өзгеруіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі, — делінген компания таратқан хабарламада.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

— eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

— egov mobile мобильді қосымшасы;

— «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

— «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

— «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *