Қазақстанда алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Қазгидромет синоптиктері 2, 3 және 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр және қар жауады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

«Тек батыста, 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», – деді синоптиктер.

Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, деп толықтырды метеорологтар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *