Қазақстанда қар жауып, аяз түседі

Қазгидромет синоптиктері 11, 12 және 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжам бойынша, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсіреп, еліміз аумағына атлантикалық циклон жылжи бастайды.

«Ол тұрақсыз ауа райын әкеледі: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауып, боран соғады», — деді синоптиктер.

Қазақстан бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман сақталады.

Ауа температурасы қандай болады?

Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–15 градус аязға дейін жоғарылап, күндіз 0–5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0–5 градус аяз, күндіз 0–8 градус жылы болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *