Қазақстанда -20 градусқа дейін аяз түседі

Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі атлантикалық циклон мен соған байланысты атмосфералық фронталь аймақ ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 13 қарашада шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

«Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боран болжанады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген хабарламада.

Ауа температурасы фонында қысқа мерзімді төмендеу күтіледі:

  • Қазақстанның солтүстігінде түнде –5…–12 градус аяз, күндіз –0…–6 градус аяз;
  • солтүстік-батыста түнде –2…–10 градус аяз, күндіз –0…–5 градус аяз;
  • орталықта түнде –3…–13 градус аяз, күндіз –6 градус аяздан +3 градусқа дейін;
  • шығыста түнде –8…–20 градус аяз, күндіз –0…–10 градус аяз.

Қалған аумақтарда ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз болады, дейді синоптиктер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *