Қаладағы тұрмыстық қалдықтар контейнерлері жаңартылуда

Рудныйда тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыс алаңдарына еуроконтейнерлер орнатылуда

Бұл туралы Рудный қаласы әкімдігінің «ТКШ, ЖМ және АД РГО» ММ басшысы Юрий Итемгенов мәлім етті

Қалада бұрынғы қолданыстағы қоқыс контейнерлері ескірген. Көбі қирап, бүлінген. Олардың орнына табиғатты қорғау шаралары негізінде қолдануға ыңғайлы, кез келген ауа-райына бейімделген 3 текше метрлік пластикалық еуроконтейнерлер қойылуда. Тығыз жабылатын қақпақтың арқасында жаңбыр мен қардың ішке енуі, қалдықтардың жинақталуы, жағымсыз иістің таралуы мүмкін емес. Ең бастысы, мұндай урналарға құстар мен жануарлар жоламайды.

Сонымен қатар, тазарту жұмысын жүргізерде жәшіктер арнайы техникамен көтеріліп, қоқысты оңай жүктеуге қолайлы. Тұрмыстық қалдық контейнерлеріне арналған аумақтарда арнайы қоршауға алынған және күнделікті бір мезгіл тазарту жұмыстары жүзеге асады. Қазіргі таңда қалада жалғыз «L-Trading» компаниясы қызмет көрсетеді. Ұйым өкілдерінің ақпаратына сәйкес қоқыс шығару жұмысына 12 техника жұмылдандырылған.

Қалалық ТКШ басышысың айтуынша, еуроконтейнерлері бар алаңдар орнатылғаннан бастап бұл іс тиімділігін көрсетті. Жаңа құралдардың салмағы жеңіл және жабық, орнынан жылжытуға арналған арнайы дөңгелектеріде бар. Өткен жылы контейнерлік тұрақтарға қоршау орнатылып, 50 контейнерлік тұраққа абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Бұл жобаны жүзеге асыруға бюджеттен 121,1 млн теңге жұмсалған. Ал, 2024 жылы бұл жұмыс түріне 40,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Оның ішінде қоқыс шығаратын жәшіктері істен шыққан 9 қабатты үйлердің ауданында контейнерлік тұрақ орнату жоспарда бар. Өткен жылы 40,7 млн ​​теңгеге көлемі 1100 литр қақпағы бар еуро контейнерлер орнатылса, осы жылы тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алуға 15,0 млн.теңге қаражат қарастырылған. Юрий Итемгенов ТКШ бөлімінің қаланы тазалау мақсатында атқаратын бірнеше жұмыстарға да тоқталып өтті.

«Ағымдағы жылы Рудный қаласы аумағындағы шұңқырлар аймағында шөп шабу және тазарту жұмыстары жалғасады. Бұл жұмыс түріне 66,3 млн теңге бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Сонымен қатар, рұқсат етілмеген полигондарды жоюға 74,6 млн теңге қаржы қарастырылған», –  дейді бөлім басшысы.

Естеріңізге саламыз, еуроконтейнерлерге диван, шкаф, үстел секілді жиһаздарын, үй жөндеу жұмыстарынан кейінгі қалдықтарды немесе ағаш бұтақтарын салуға тыйым салынған. Жарты метрден асатын ірі көлемді қоқыстар арнайы ұйым қызметкерлерімен келісім шарт бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады. Егерде тұрмыстық қалдықтарды жинау барысы қарқынды жауапкершілікте болса және тұрғындар да қоқыс сұрыптау мәдениетін сақтап жүрсе қала таза келбетін сақтап қалары сөзсіз.

Гүлшар БАҒЫТЖАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *