Қалың қар және тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. Метеорологтар мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауады. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады.

Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі.

«Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады», — делінген ескертуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *