Қаратомар су қоймасынан су ағызу 200 мᶾ/с-тан 350 мᶾ/с-қа дейін артты

Бұл жайында қала әкімі Виктор Ионенко хабарлады

Су қоймасы 1500,0 мᶾ/с ағыны болған кезде судың қарқынды тасуы орын алады. Бұл су Аят өзенінің құйылуымен бірге Қаратомар су қоймасына құяды.

Қазір 3 бақылау-өлшеу бекетінде Төтенше жағдайлар мен әкімдік қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылған. Тобыл өзенінің өзен жайылмасындағы судың көтерілу деңгейі тұрақты бақылауда.

Төтенше жағдайлар мен полиция басқармларының қызметкерлері және әкімдік өкілдері саяжай елді мекендерін аралап шықты. Қазіргі таңда саяжай учаскелерінің аумағында тұрақты тұратын азаматтар жоқ.

Бірақ сонымен бірге, бүгіннен бастап саяжай учаскелеріне кіруге тыйым салынып, әр кіреберісте полиция бекеттері қойылған.

— Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда барлық қажетті шаралар қабылданады. Су басу қаупі бар аймақтарда пайдалануға қажетті материалдар мен қап контейнерлері дайындалды. Жағдай қадағаланып және де бақылауға алынды,- деді қала басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *