Қашар кентіндегі құжаттарды тексеру автоұрыны анықтады

5 желтоқсанда кешкі сағат 17 шамасында Қашар кентіндегі патрульдік полиция ротасы «Құқықтық тәртіп» ЖАШ шеңберінде құжаттарды тексеру мақсатында күдікті автокөлікті тоқтатты

Жүргізушінің өзімен бірге құжаттары болған жоқ, содан кейін жол полицейлері мемлекеттік нөмірді база бойынша тексерді. Автокөлікке сенімхат басқа адамға жазылғаны белгілі болды.

— Кентті патрульдеу кезінде біз құжаттарды тексеру мақсатында көлікті тоқтаттық. Жүргізуші оларды көрсете алмады. Базалар бойынша нөмірлік белгіні тексергеннен кейін біз нақты иесінің атын анықтадық. Оның көлігін үшінші адам басқарып отырғаны туралы хабарлаған соң, ол тіпті гараж қоғамында қалып қойғандықтан, көліктің жоғалғаны туралы білмейтінін мойындады — дейді патрульшілер Нұрсұлтан Мұхамеджанов пен Ерлан Қозыбаев.

Кейінірек автокөлік жүргізушісі іссапарға баруды шешкенін және басқа біреудің көлігін пайдаланғанын мойындады.

Енді 41 жастағы бұрын сотталмаған ер адамға ҚР ҚК 200-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылды (көлікті заңсыз иемдену), оған елден кетуге тыйым салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *