Қостанай облысында заңсыз аң аулау фактісі анықталды

Қостанай облысының Қашар кентінде полиция қызметкерлері заңсыз аң аулады деген күдікпен 2 ер адамды ұстады

10 қыркүйекте Рудный қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 32 жастағы азаматтың басқаруымен «ВАЗ-2110» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік құралының жүксалғышынан қоңыр түсті дақтарымен жануардың тұяқтары және ұшасының бөлшектері бар қап табылды.

— Тексеру барысында Федоров ауданы Владыкин ауылының маңында өзінің танысымен ер адам елікті тіркелмеген қарудан атып өлтіргені анықталды. Олар жануарды бөлшектеп екіге бөліп алған. Ер адамдардың елікті атуға рұқсат құжаттары болған жоқ, — деп хабарлады Қостанай облысы ПД ЖПҚБ Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкері Ғазретғали Әлімғазин.

Қазіргі уақытта заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *